
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – тұрғындардың тыныштығы мен әл-ауқатын қорғаудың маңызды шарты. Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – баршамызға ортақ міндет.
Қауіпсіз қоғам қалыптастыру әрбір азаматтың жауапкершілігінен басталады. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, заң талаптарын орындау және күмәнді жағдайларға бейжай қарамау арқылы ортақ қауіпсіздікке үлес қоса аламыз.
Талғар ауданының тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға және қауіпсіз орта қалыптастыруға белсенді атсалысуға шақырамыз.
Қауіпсіз аудан – жайлы өмірдің негізі!

