ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ


Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің маңызды шарты – заң талаптарын сақтау және әр азаматтың өз міндетіне жауапкершілікпен қарауы.
Заңға құрмет көрсету, өзгенің құқығын бұзбау, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алуға атсалысу – құқықтық мәдениеттің көрінісі.
Құқықтық сауаттылықты арттыру азаматтарға өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Ал заң үстемдігі орныққан қоғамда әділдік пен өзара сенім нығаяды.
Заңды құрметтеу – әр азаматтың міндеті! Тәртіп бар жерде тұрақтылық бар!