Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, қоғам өміріндегі маңызды қағидаттарды бекітетін басты құжат. Ол елдің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын, қоғамдық тұрақтылығы мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың берік кепілі болып саналады.
Ата Заңда әр азаматтың құқықтары мен міндеттері айқындалып, заң алдындағы теңдік, әділдік және жауапкершілік қағидаттары көрініс тапқан. Конституция талаптарын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті әрі құқықтық мәдениеттің маңызды көрсеткіші.
Құқықтық мемлекет қалыптастыру ең алдымен заңға құрметпен қараудан басталады. Сондықтан әрбір азамат өз құқықтарын біліп қана қоймай, қоғам алдындағы міндеттерін де жауапкершілікпен орындауы қажет.
Конституция – ел бірлігін нығайтып, тұрақты дамуға жол ашатын ортақ құндылық. Оны құрметтеу және қағидаттарын сақтау – жарқын болашаққа бағытталған маңызды қадам.
Ата Заңға құрмет – елге құрмет!








