«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ӘР АДАМНЫҢ ӨЗІНЕН БАСТАЛАДЫ


Қоршаған ортаның тазалығы – қоғам мәдениеті мен азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрсеткіші. Таза көшелер, абаттандырылған аулалар, жасыл желектер мен көрікті қоғамдық орындар тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырады.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың маңызы зор.
Әрбір тұрғын тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастап, қоғамдық кеңістіктердің тазалығын сақтап, ағаштар мен жасыл желектерге ұқыпты қарауы қажет.
Тазалықты сақтау тек сенбілік кезінде ғана емес, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Себебі қоршаған ортаны қорғау – келешек ұрпақ алдындағы ортақ міндет.
Таза орта – таза ойдан, таза әрекеттен басталады!