
Қоршаған ортаның тазалығы – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Ел аумағында жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы тұрғындарды туған өлкенің тазалығын сақтауға және табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейді.
Талғар ауданында абаттандыру, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Тазалық бір күндік науқан емес. Өз ауламызды, көшелерімізді және табиғи аумақтарды таза ұстау арқылы туған жеріміздің көркеюіне әрқайсымыз үлес қоса аламыз.

