Қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы бағытта «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы табиғатты аялауға және азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Тазалықты сақтау тек арнайы ұйымдастырылатын сенбіліктермен шектелмейді. Ол әрбір адамның күнделікті өмірдегі іс-әрекетінен көрініс табуы тиіс. Қоқысты белгіленген орынға тастау, су ресурстарын үнемдеу, жасыл желектерді қорғау және қоғамдық орындарды таза ұстау – экологиялық мәдениеттің негізгі белгілері.
Сонымен қатар жастарды табиғатты қорғау шараларына тарту, білім беру ұйымдарында экологиялық тәрбиеге көңіл бөлу және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жанашырлығын арттыру маңызды. Ортақ іске жұмылған азаматтардың белсенділігі елді мекендердің көркеюіне ықпал етеді.
Туған жердің тазалығы мен табиғаттың байлығын сақтау – келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Әрбір азамат осы іске өз үлесін қосқанда ғана экологиялық мәдениеті жоғары қоғам қалыптасады.
Тазалық – ортақ міндет, табиғатты қорғау – болашаққа жасалған қамқорлық.





