2026 жылғы 14 қазанда Талғар ауданына қарасты Нұра ауылдық кітапханасында қазақтың ұлы ағартушысы, педагог-жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Ыбырай мұрасы мәңгілік» атты тейбл-ток (үстел басындағы әңгіме) өткізілді.
Іс-шараға кітапхана үйірмесінің оқушылары қатысып, Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы, қазақ халқының білім беру саласына қосқан өлшеусіз үлесі туралы әңгіме өрбітті. Ұлы ағартушының өнегелі өмір жолы мен тағылымды мұрасы жас ұрпаққа үлгі ретінде насихатталды.
Мақсат — оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және ұлы тұлғаның рухани мұрасын дәріптеу.
Ыбырай мұрасы мәңгілік





