
Талғар аудандық «Әділет» партиясының өкілдері Бесағаш ауылының тұрғындары және кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты міндеттерді талқылау және тұрғындармен ашық пікір алмасу.
Жиын барысында кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, өндіріс орындарының әлеуетін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту және отандық кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында Сембаев Аманкелді Жолдауда кәсіпкерлік саласына қатысты көтерілген бастамаларға кеңінен тоқталып, бизнесті дамыту мен кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ кәсіпкерліктің ауыл экономикасын дамытудағы, халықты жұмыспен қамтудағы және жергілікті жерлердің әлеуметтік әлеуетін арттырудағы рөлі сөз болды.
Өз кезегінде ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Ашық форматта өткен кездесуде кәсіпкерлік қызмет барысында кездесетін өзекті мәселелер, бизнесті қолдау тетіктері және алдағы даму мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасылды.
Кездесу қорытындысында Жолдауда белгіленген міндеттерді іске асыруда мемлекет, қоғам және бизнес өкілдері арасындағы өзара байланыстың маңыздылығы атап өтілді

