
Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін құрайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын басты құжат.
Ата Заңда адамның қадір-қасиетін құрметтеу, азаматтардың теңдігі, құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ мемлекеттік құрылымның негізгі қағидаттары көрініс тапқан.
Конституцияны білу – әр азаматтың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңызды қадамы. Өз құқығын білетін және заңды құрметтейтін азамат қоғамның дамуына да жауапкершілікпен қарайды.
Ата Заңның қағидаттарын құрметтеу – ел бірлігі мен тұрақтылығын нығайтудың маңызды шарты.
Конституция – тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және заң үстемдігінің тірегі!

