
Есірткіге тәуелділік – адам денсаулығына, отбасылық құндылықтарға және қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіретін күрделі мәселе.
Оның алдын алу үшін жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, салауатты өмір салтын насихаттау және пайдалы бастамаларға қатысуға мүмкіндік жасау маңызды.
Спорт, білім, шығармашылық және қоғамдық қызмет – жас ұрпақтың қабілетін дамытып, өмірлік мақсатын айқындауға көмектесетін бағыттар.
Әрбір азаматтың саналы таңдауы мен жауапты ұстанымы есірткісіз қоғам қалыптастыруға үлес қосады.
Есірткіге жол жоқ! Болашағыңды қорға, өмірді таңда!

