МҮЛІКТІ ҚОРҒАУ – ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ


Елді мекеннің көркі мен жайлылығы қоғамдық инфрақұрылымның жағдайына тікелей байланысты. Саябақтар, балалар алаңдары, аялдамалар, көше жарықтары мен демалыс орындары – барша тұрғынға ортақ игілік.
Қоғамдық мүлікті бүлдіру оның қызмет ету мерзімін қысқартып, тұрғындарға қолайсыздық туғызады. Сондықтан ортақ дүниеге ұқыптылықпен қарап, тазалық пен тәртіпті сақтау әр азаматтың міндеті.
Балаларға да қоғамдық мүлікті қорғаудың маңызын түсіндіріп, жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру қажет.
Ортақ мүлікке жанашырлық – ортақ болашаққа қамқорлық!