«Жастар және діни қауіпсіздік» атты кездесу өтті

2026 жылғы 7 қазан күні Талғар ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Талғар жоғары медициналық колледжінде жастардың діни сауаттылығын арттыруға және діни қауіпсіздік мәселелерін түсіндіруге бағытталған «Жастар және діни қауіпсіздік» атты кездесу өтті.
Кездесуге Алматы облысы Дін істері басқармасының Талғар аудандық теолог маманы Абсаттар Сабыржанұлы және Талғар ауданы жастар ресурстық орталығының маманы Аида Сембекқызы қатысты.
Кездесу барысында жастарға діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың белгілері, діни ақпаратты дұрыс қабылдау және әлеуметтік желілердегі күмәнді ақпараттардан сақтану мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, жастардың діни сауаттылығын арттыру, қоғамдағы тұрақтылық пен өзара түсіністікті сақтау, заң талаптарын құрметтеу жөнінде маңызды ақпараттар берілді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауаптар алды.
Жастардың діни сауаттылығы – қоғам қауіпсізді