Жасампаздықтың жаңа сипаты

Жасампаздықтың жаңа сипаты

Халқымызда: «Жауды жеңген жарты батыр, өзін жеңген шын батыр» деген сөз бар. Өзін жеңу деген ол еңбекпен береке бірлікпен келеді. Сондықтан да халқымыз бұл сөздің мағынасын халқымыз ерекше түсінеді және соған сай әрекет ете біледі.

Елімізде соңғы отыз жылда атқарылған ауқымды өзгерістердің ішінде Ассамблеяның еңбегі зор. Ол ақиқат.  Жасампаздықтың жаңа сипатына көтеріліп, қоғамдық келісімді нығайту мәселелерімен айналысатын ұйым азаматтарымыздың өмірін жақсартып, әр адамның бақытты болашағын қалыптастыруға бағытталған. Біз өзіміз үшін ғана емес, ұрпағымыз үшін шаңырағы биік, керегесі кең, табалдырығы берік Жаңа Қазақстанды құруға дайынбыз. Ол үшін әлеуетіміз де, күшіміз де, жігеріміз де жетеді. Біз тарихи сәттерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын халықпыз. Осы жолда еліне жана­шыр, мемлекетшіл азамат­тардың күш-жігерін біріктіру қажет деп есептеймін.

Жұмағыз Әшімбекқызы,

Ассамблея мүшесі, этномедиатор,

Белсенді ұзақ өмір орталығы Талғар аудандық филиалының кеңесшісі