ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ӘЛИЯ ӘБСЕМЕТОВА ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ЖАСТАР ҮШІН СПОРТ ҮЙІРМЕЛЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АТАП ӨТТІ

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ӘЛИЯ ӘБСЕМЕТОВА ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ЖАСТАР ҮШІН СПОРТ ҮЙІРМЕЛЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АТАП ӨТТІ

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен Antikor Live жобасы аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Әлия Әбсеметованың қатысуымен эфир өткізілді.

Тікелей эфир барысында Әлия Әбсеметова жастар арасындағы өзекті мәселерді қозғап, желі қолданушыларының бірқатар сұрақтарына жауап берді. Партия Фракциясының депутаты ретінде Әлия Әбсеметоваға «Барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу және «балалар үйірмелерін» жаңғыртудың» орындалу деңгейін қадағалау міндеті жүктелген. Бұл бағыттағы өзге жобалардан бөлек, «Nur Otan» Партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын орындау жөнінде арнайы жол картасы туралы атап өтті.

Әлия Әбсеметова депутат қана емес, ана ретінде, адам ретінде спорт жас жеткіншектердің өмірі үшін аса қажет деп есептейді. Спорттың арқасында күшті, батыл жастарымыз жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алға жетелеушілері болады деп сенетінін, балалардың болашағын ойласақ, әр баланың спортпен айналысуына мүмкіндік беру керектігін айтты.

Тікелей эфир соңында, Әлия Әбсеметова барша жастарға үндеу жолдады: «Жастарға, ең біріншіден, батыл, тәуекелшіл, табанды, білімді, ақылды, өзіндік ойы бар, өжет, намысшыл, жауапты болуды тілеймін. Себебі қазіргі таңда өмірдің талабы осындай. Еліміздің болашағы жарқын болуы үшін бізге бойында осындай қасиеттері бар өзіне сенімді жастар керек. Дана Абай айтқандай: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол», әрбір жас өзінің білімін, бойындағы қасиеттерін Халқының көркеюіне қосу керек».