Алматы облысының медициналық ұйымдарында негізгі міндеті денсаулық сақтау ұйымы мен оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын комплаенс институты енгізіледі.
Осыған байланысты, сондай-ақ комплаенс институтын таныстыру мақсатында ағымдағы жылдың 10 қарашасында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментімен өңірдің бас дәрігерлері үшін кездесу өткізілді.
Семинарда Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары – Ж.С. Жұмабаев барлық қатысушыларды жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығы туралы таныстырып, халықаралық тәжірибені енгізудің алдын алу шараларын белгіледі.
Кері байланыс барысында қатысушыларға барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар комплаенс-офицерлерді қосымша оқытуға қызығушылық танытып, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.