Аңсап жеткен тәуелсіздігіміз өз тағдырымызды өзіміз шешуге жəне тарих, бүкіл əлем алдында жауапты болуға құқық береді. Осы ұлы көште əр кезеңнің алар орны, шығар биігі бар. Тəуелсіз еліміз үшін отыз жылға жуық уақыт ішіндегі жүріп өткен жол, еңсерілген істер ғасырға пара-пар. Оның ішінде мемлекет-тігіміздің белгісі — мемлекеттік рəміздеріміздің тарихы, олардың қадір-қасиеті мен мəнмағынасының құндылығы бір бөлек. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын
бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгі-сіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымыз-ды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ азаматтық сезім билейтіні рас. Бұны көру, сезіну де бір бақыт,
мандайға біткен бақ деп бағалаймыз.
Белгілі ойшыл, ғұлама Конфуций «Əлемді нышандар мен рəміздер билейді» деген екен. Бұл пікірге қарап-ақ біздер рəміздеріміздің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Мемлекеттің мемлекет болып қалыптасуы үшін оның ең алғашқы жасайтын маңызды ресми қадамдарының бірі – елдің Туын, Əнұра-нын, Елтаңбасын бекітіп алуы. Өйткені мемлекеттік рəміздер – халқымыздың өзгеше өмір-салтын, бүкіл болмысын, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Рəміздерге құрметпен қарап, қастерлеу үшін алдымен рəміздер туралы терең түсінік болуы қажет.
1992 жылғы маусымның 4-інде алғаш рет тəуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рəміздері бекітілді. Бұл күн мемлекеттік рəміздердің туған күні ретінде еліміздің тарихында мəңгі қалды. Мемлекеттік рəміздер — біздің егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тəуел-сіздік – Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі – рəміздеріміз бар. Оның біріншісі – Елтаңба, екіншісі – Əнұран, үшіншісі – Көк байрақ, төртіншісі – қазақ тілі» деген сөзі соның дəлелі. Сондықтан рəміздерімізді қастерлеу, оған құрметпен қараубойымыздағы елжандылығымыздың, Отанға деген сүйіспеншілігіміздің бір белгісі.
Көк байрағымызды Шəкен Ниязбековағамыз қандай керемет суреттеген десеңізші?! Көк аспанымызда күлімдеп тұрған күніміз, оны айнала қанатын кең жайып ұшқан қыранымыз еркіндікті бейнелейді. Ал, төрімізден орын алған Елтаңбамыздың авторы Шот-Аман Уəлиханов оның əрбір элементін — шаңырақ,
қанатты пырақ, бесбұрышты жұлдыз болсын шаңырағымыздың беріктігін, еліміздің қуаттылығын, бес құрлыққа бірдей айқара ашықтықтығын айқын суреттеген. Алтын сары түсінің өзі байлықты бейнелейді.
Əнұранымызға Əбділда Тəжібаев атамыз «Мемлекеттің сөзбен тоқылған туы» деген теңеу берген екен. Əнұран адамға зор рухани əсер ететін күш. Қазақтан Республикасы мемлекеттік Əнұранының негізі – ол халық арасында кең тараған Шəмші атамыздың «Менің елім» атты патриоттық өлеңнен туындаған. Сөзін Жұмекен Нəжімеденов жазып, кейіннен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзгерістер енгізді. Қандай да маңызды кездесулер, жиындар, басқосулар болғанда, əсіресе, қазақ елінің спорттағы жетістіктерінде Əнұранымыз қалықтай шырқалып, ұлттық рухымызды өрлетеді. Оң қолымызды жүрегімізге қойып бірге қосылып шырқап тұрғанда көз алдымызға ұшқан құстың қанаты талатын кең, байтақ қазақ дала-сын, ат үстінде ойнаған жігерлі жігіттерді, қазан сапырған ақ жаулықты аналар мен асыр салып ойнаған қара домалақ балаларды елестетіп, азат елдің ұрпағы болғанымызды мақтан тұтамыз.
Мемлекеттік рəміздерді құрметтеу – адамзат өркениетімен бірге қалыптасып, бірге дамып келе жатқан қоғамдық-саяси құбылыстардың бірі. Адам жанының нəзік қылын шертіп, айрықша аңсарларын қозғай-тын əсері болғандықтан, адамдардың түр-түсі мен тегіне, қоғамда алатын орны мен жас шамасына, тіпті қашанда құбылмалы келетін саяси ұстанымдарға да қарамастан ешкімге жаттығы жоқ, көпке ортақ феномен. Өз мемлекетінің Туы желбіреп, Əнұранының əуені тербелгенде селт етпейтін жан жоқ. Туға тағзым- елге, жерге тағзым. Бұл Елтаңба мен Əнұранға да қатысты. Өйткені, олар – мемлекетіміздің құты мен қасиеті. Ал, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі мол азамат өз Отанының бойтұмар белгілерін де қастер тұтары анық.
Еліміздің дербестігі мен тəуелсіздігін күллі əлемге жария етуші əрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салтсанасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетінерекше құнды белгілеріміз-дің белгіленген стандарттарға сай келуі мен орналасу тəртібі аса маңызды. Олар мемлекеттік ұйымдар-дың барлығында болуы шарт. Қолданыстағы заңға сəйкес мемлекеттік рəміздегі жалпы авторлардың идеясы, мазмұны сақталады. Елтаңбаның стандарты мен Тудың бояу тəсілінде өзгерістер бар. Стандарт-қа сəйкес Рəміздер жыртылған, кірленген болса оны қолдануға тыйым салынады. Бүгінгі күні ауданы-мызда 98 мемлекеттік мекеме жұмыс жасайды. Олардың барлығында ұлттық стандартқа сай рəміздер орналасқан. Аудан əкімдігі жанынан мемлекеттік рəміздердің стандартқа сай орналасуын бақылау жө-нінде арнайы комиссия құрылып, мекемелерді бақылауға алып, жоспарлы түрде рейдтік тексерістер жүргізіп келеді. Тексеру барысында анықталған кемшіліктерге орай тиісті шаралар жүзеге асырылып, ескертулер беріледі. Сондықтан да көп ұлтты Қазақстанжұртшылығын ортақ мақсатқа жұмылдырып,
қасиетті істерге шақырып, жігерлендіріп, рухтандырып тұратын мемлекеттік рəміздерімізді құрметтеу баршамыздың парызымыз.
4 маусым – ел тарихы үшін мəртебелі күндердің бірі – мемлекеттік рəміздер күні. Бұл күн елдігіміздің белгісі – Ту, Елтаңба, Əнұранымыздың дүниеге келген күн ретінде тарих бетінде мəңгі есте қалады.
Халқымыз осымен 28-ші жыл атаулы күнді тойлауда. Елімізде орын алған пандемиядан сақтану мақса-тында бұл мерекені жылдағыдай дүбірлетіп, өз деңгейінде атап өте алмадық. Десе де, аудандық мəдеиет
жəне тілдерді дамыту бөлімі мен жастар ресурстық орталығының мұрындық болуымен шағын шеру өтті. Еңселі Елтаңба мен көгілдір Туымызды көкке өрлеткен аудан жастары алты автокөлікпен қаламыздың алты көшесімен жүріп өтіп, айбынды Əнұранымызды шарықтата шырқады. Осындай игі істері арқылы қала тұрғындарын патриоттық рухын асқақтатып, рəміздеріміздің мəртебесін айғақтады. Жұртшылық та өз тарапынан жастарға қолдау көрсетіп, мақтаныш сезімдерін жасыра алмай Гимнді қосыла шырқап
кетті. Тəуелсіздігіміз тұғылы, рəміздеріміз ғұмырлы болғай!
Перизат НҰРҚАЕВА,
«Талғар».