Вирус жұқтырғандардың 2 жағдайы Іле ауданында, 2 – жағдай Көксу ауданында, 1 – жағдай Жамбыл ауданында, 2 – жағдай Сарқан ауданы, 4 – жағдай Кеген ауданында тіркелген.
Оның ішінде – 2001, 2020 жылғы балалар, 1965,1988,1965,1961, 1990,1960 жылғы ер азаматтар және 1962, 1979, 1969 жылғы әйел адамдар дене қызуының көтерілуі және әлсіздікке шағынып, жедел жәрдем қызметкерлерін шақыртқан. ЖРВИ немесе пневмония диагнозымен жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.
Қазіргі уақытта науқастар оқшауланып, байланыста болған адамдар карантинге алынды.
Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.
04.06.2020 ж. жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 413 адам тіркелген, олардың ішінде 248-і жазылып шыққан.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК