Оразаларыңыз қабыл болсын!

Оразаларыңыз қабыл болсын!

Аса құрметті, Талғар ауданы мен қала тұрғындары! Барша мұсылман бауырлар!

Міне, бүгін көптен күткен қасиетті ораза айымыз да келіп жетті. Ораза жәннат бақшаларына жол ашатын алтын қақпа яғни қасиетті Құран Кәрім түсіріле бастаған ең бір ұлық ай.Бұл айдың ерекше мейірімі мен шапағатын тілмен айтып жеткізу әсте мүмкін емес. Ерекше сүйіспеншілік пен кешірімге толы махаббат айы.Биылғы айлардың сұлтаны болған оразаның ең алғашқы күні,күндердің ұлығы болған қасиетті жұма күнімен орайлас келгендігін де ерекше бір жақсылық пен қуанышқа жорып отырмыз. Баршаларыңыздың АЛЛА разылығы үшін ұстаған оразаларыңыз бен жасаған ғибадат құлшылық амалдарыңыз қабыл болып,елімізді әр түрлі пәледен, жаладан, барлық жамандық атаулыдан сақтасын деп тілек етеймін! АЛЛА құлшылық амалдарыңыз бен ниет тілектеріңізді қабыл етсін!
Әмин!

Игі тілекпен, Талғар ауданы

орталық мешітінің бас имамы Мұсабек қажы Тағанұлы.