Халықты қаржылай қолдау — ауадай қажет

Халықты қаржылай қолдау — ауадай қажет

Пандемия індетінің кесірінен біраз азаматтар жұмыссыз қалды. Президент Қ.Тоқаев 31 наурызда Үндеу жариялап, елдегі төтенше жағдайға байланысты Үкіметке бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Солардың бірі ретінде табыс көзінен айырылған отбасыларды қолдау мақсатында 42 500 теңгеден әлеуметтік төлем тағайындаудың ауқымын кеңейтуді тапсырды. Осы орайда Талғар ауданы бойынша әлеуметтік төлем алуға 50 мыңға жуық адам өтініш білдірді. Себебі біздің аудан Алматы қаласына жақын орналасқан, сол себепті ауданнан қалаға қатынап жұмыс істейтін тұрғындар көп. Солардың көбі қазір табыс көзінен айырылып отыр. Бүгінгі күнге дейін 42 мыңнан аса адам аталған әлеуметтік көмекті алды.

Қазіргі кезде жұмыс орындары уақытша тоқтап, карантин жарияланғалы бері біраз халық қолдағыны қанағат тұтуға мәжбір. Дәл осы уақытта біздің экономикамыз 90 жылдардың басындағы жағдайды бастан өткеруі мүмкін. Осыны ескерген Президент 42500 теңгеге өтініш білдірушілерге барынша қолдау көрсету керек екенін айтты. Бұдан басқа да әлеуметтік көмектер беріліп жатыр. Бұл дегеніңіз мемлекет басшысының қиын-қыстау кезде халқына жасаған үлкен қолдауы деп білеміз. Біраз жыл шетелде жүріп мол тәжірибе жинаған Президентіміз бұл жағдайды көрегендігімен жеңетініне сенеміз!

 

Райхан Джулимбетова,

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің басшысы.