Құрмет бар жерде — қауіпсіздік бар

Әр адам өзін қауіпсіз сезінуге және құрметке ие болуға құқылы. Отбасында да, білім беру ортасында да, қоғамдық ортада да өзара сыйластық маңызды орын алады.

Кемсіту, қорқыту, күш көрсету немесе психологиялық қысым көрсетуге жол бермеу — қоғамның әр мүшесінің назарында болуы тиіс мәселе.

Баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге көңіл бөлу, онымен ашық сөйлесу және қиын жағдайда қолдау көрсету — зорлық-зомбылықтың алдын алудың маңызды жолдарының бірі.

Қорқыныш емес, түсіністік пен сыйластық үстемдік ететін орта қалыптастырайық.