Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі – заң талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру. Заң мен тәртіпті сақтау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі болып табылады.
Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Сонымен қатар жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қауіпсіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Заңға құрметпен қарау, өз құқықтары мен міндеттерін білу және қоғамдық тәртіпті сақтау – қауіпсіз әрі жауапты қоғам қалыптастырудың маңызды негізі.






