Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына, еңбек қабілетіне және отбасылық қарым-қатынасына кері әсер етеді. Оның салдары тек бір адамға емес, жақындарына да ауыр тиюі мүмкін.
Сондықтан бос уақытты тиімді өткізу, спортпен айналысу, отбасымен сапалы уақыт өткізу және пайдалы әдеттерді қалыптастыру маңызды.
Алкогольге тәуелділікпен күресте адамның қолдау алуы мен мамандарға жүгінуі үлкен рөл атқарады.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз. Салауатты өмірді таңдаңыз!








