Қайырымдылық акциясы өтті

«Белсенді ұзақ өмір» орталығының Талғар аудандық филиалы мен «Кәусар бұлақ» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігі бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Шара аясында «Белсенді ұзақ өмір» орталығы филиалының директоры Әбдіқадір Зорагүл және мекеме қызметкерлері «Кәусар бұлақ» қоғамдық бірлестігіне арнайы барып, бүлдіршіндерге қайырымдылық себеттерін табыстады.
Мұндай бірлескен бастамалар ерекше күтімді қажет ететін балалардың қоғамға бейімделуіне ықпал етіп, олардың отбасыларына рухани және әлеуметтік қолдау көрсетуді көздейді. Үлкен буын өкілдері мен орталық ұжымы балақайларға жылы лебіздерін білдіріп, шынайы қамқорлық танытты.
Қоғамда мейірімділік пен ынтымақтастық құндылықтарын дәріптеп, осы ізгі шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барша ұйымдастырушылар мен азаматтарға алғыс білдіреміз.