ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖАҢҒЫРУ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖАҢҒЫРУ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында инфрақұрылымды жаңғырту мәселесіне ерекше назар аударды.

Президент еліміздің барлық өңірінде әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын салу мен жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

Жолдауда жаңа автожолдар, теміржолдар, көпірлер, инженерлік желілер, мектептер, ауруханалар, спорт кешендері мен мәдениет нысандарын салу міндеттері айқындалды.

Сонымен қатар 2029 жылдың соңына дейін инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарын жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлу көзделген.

Инфрақұрылымды дамыту – тек құрылыс жұмыстарын жүргізу емес, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру.

Дамыған инфрақұрылым – елдің тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатының маңызды негізі!