
Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды міндеттердің бірі. Оның алдын алуда құқық қорғау шараларымен қатар, жастар арасында дұрыс өмір салтын қалыптастырудың да маңызы зор.
Спортпен шұғылдану, білім алуға және шығармашылыққа көңіл бөлу, пайдалы ортамен араласу – жас ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың жолдары.
Есірткіге қатысты заңсыз әрекеттерге жол бермеу және күмәнді жағдайлар туралы тиісті органдарға хабарлау – қоғам қауіпсіздігіне қосылған ортақ үлес.

