АҚПАРАТТЫ ТЕКСЕРУ – АЛАЯҚТЫҚТАН ҚОРҒАНУДЫҢ БІР ЖОЛЫ


Интернеттегі алаяқтық тәсілдері үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан кез келген онлайн ұсынысқа бірден сенбей, ақпараттың шынайылығын тексеру қажет.
Бейтаныс адамдарға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және құпия парольдерді беруге болмайды. Әсіресе қысқа мерзімде жоғары табыс уәде ететін күмәнді инвестициялық ұсыныстарға сақтықпен қараған жөн.
Қаржылық сауаттылық пен ақпараттық қырағылық – азаматтардың өз қаражатын қорғауына мүмкіндік беретін маңызды дағдылар.