
Қоғамның тұрақты дамуы мен елдің болашағы ең алдымен әр азаматтың жауапкершілігіне, адалдығына және өз ісіне деген жанашырлығына байланысты. Осы орайда Талғар ауданында «Адал азамат» қағидаттарын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың бойына адалдық, еңбекқорлық, отансүйгіштік және жауапкершілік құндылықтарын сіңіру бағытындағы жұмыстар маңызды орын алады.
«Адал азамат» ұғымы – тек адал еңбек ету ғана емес, сонымен қатар қоғам алдындағы міндетін жауапкершілікпен орындау, заңды құрметтеу, өзгенің құқығына сыйластықпен қарау және елдің дамуына өз үлесін қосу.
Талғар ауданында бұл құндылықтарды насихаттау білім беру ұйымдарында, жастар ортасында, еңбек ұжымдарында және қоғамдық ортада түрлі ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары арқылы жүзеге асырылуда. Жастарды қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстыру, еріктілік пен қайырымдылықты қолдау, еңбекті дәріптеу – адал азамат қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі.
Әрбір азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қоғам игілігіне үлес қосқан кезде ғана әділетті әрі берік қоғам қалыптасады. Сондықтан «Адал азамат» қағидаты – күнделікті өмірде нақты іспен көрініс табатын ортақ құндылық.
Талғар ауданының тұрғындарын адал еңбек етуге, қоғамдық жауапкершілікті арттыруға, бірлік пен өзара құрметті нығайтуға және туған өлкенің дамуына белсенді атсалысуға шақырамыз.
Адал азамат – адал еңбек, жауапкершілік және елге қызмет етуден басталады.



