60 ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ

60 ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ

Ескелді ауданының орталығы, Қарабұлақ ауылында «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 60 пәтерлі жалгерлі тұрғын үйдің құрылысы басталмақ, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта мердігер «Global Contraction» ЖШС-мен келісім шарт жасалуда, барлық рәсімдер аяқталғаннан сон құрлыс жұмыстары басталады. Жобаның сметалық құны 648.0 млн. теңге, оның ішінде — 406.0 млн теңге Республикалық бюджеттен тұрғын үйдің құрлысына бөлінді.

60 пәтерлі үйді салуға және инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысының объектілеріне жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Олардың барлығы сараптамадан өтті. Барлық құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталып, 60 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Талғар-ақпарат