САПАЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

САПАЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК  ҚЫЗМЕТ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Егемендік алған жылдар ішінде қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі оңтайлы өзгерістер орын алып келеді. Соның ішінде, мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалды. Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімді-лігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып табылады.

Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдар-ламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда.

Жуырда аудан аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімшесінің ұйымдастыруымен Белбұлақ ауылдық округі əкімшілік ғимаратының алдындағы кең алаңшақта мемлекеттік қызметтер жəрмеңкесі өткізіліп, ауыл тұрғындары өздеріне қажетті маңызды мəліметтер мен ақпараттарға қанықты. Бүгінгі таңда аудан деңгейінде 24 мемлекеттік органдар, атап айтар болсақ 11 ауылдық округ əкімшілігі мен 13 бөлім мемлекеттік қызметтің 98 түрі бойынша тұрғындарға қызмет көрсетеді. Электронды үкіметі порталы (egov.kz) арқылы қызмет түрлерінің көбеюі жаппай қағазбастылықтан арылып, қызмет көрсету
қолайлы əрі жеңілдетілген. Электронды үкімет порталы арқылы қызмет алу үшін азаматтарда ЭСҚ (электронды сандық қолтаңба) болуы шарт. Электронды үкіметті дамыту арқылы халықтың компьютер-лік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін заманауи үлгіге сай дамыту əрі жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру көзделіп отыр. Ең бастысы электронды түрде қызмет алу уақытты үнемдеуге, яғни үйде отырып-ақ қажетті қызмет түріне қол
жеткізуге, əкімшілік, бюрократтық кедергілерден арылуға, сыбайлас жемқорлық фактілерін барынша төмендетуге оң ықпалын тигізетіні анық. Бұл күнгі қанатын кең жайған көк шатыр астында арнайы келген барлық мемлекеттік органдардың мамандары, мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регла-менттері жəне мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң тəртiбi туралы ақпараттар беріп, жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырды. Жəрмеңкеде қоғамдық маңызы бар əлеуметтік, денсаулық, білім, жер
қатынастары, тұрғын үй қатынастары, құрылыс, ХҚКОмен көрсетілетін жəне басқа да қызметтер бойынша аудан тұрғындарына бір жерден қызмет алуға əрі кеңестеріне жүгінуге мол мүмкіндік берілді. Арнайы стендтер мен келушілер назарына ұсынылған көрнекі құралдар, таратылған парақшалардың барлығында қысқа да нұсқа мəліметтер қамтылған екен. Технология дамыған сайын, қызмет аясы кеңіп, ақпарат алудың да тиімді əрі оңай жолдары өмірімізге дендеп енуде. Бұл орайда «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында тың идеялар ұсынылып, жаңа бағдарламалар іске қосылуда. Солардың бірі – «Теле-граммбот» жəне «mGov.kz» мобильді қосымшалары. Аудандық ХҚКО маманы Дархан Шымтемиров алдына келген ауыл тұрғындарына «Телеграмм-бот» мобильді қосымшасы жайында түсініктеме беріп, 24 электронды анықтама хал актілерін өз беттерінше алу жолын түсіндіріп, маңызды ақпараттарға сусындатты. Ол үшін азаматтар ХҚКОна келіп, өз жеке сəйкестендіру нөмірін (ИИН) телефон нөміріне «байлап» қойса жеткілікті екен. Осыдан соң өздеріне керекті анықтама қағазын смортфонын ашып,
аталмыш қосымша арқылы ала алады. Биылғы жылдың өзінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 80 пайызын электронды форматқа көшу үшін тұрғындарды электрондыцифрлы қолтаңбамен қамтама-сыз етудің маңызы зор екенін алға тартқан аудан əкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімшесінің жетекшісі Г.Айтқожақова барлық аудиторияны пайдалана отырып, осы бағытта белсенді түрде жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, бұл күнгі іс-шарада Алматы облысы
мемлекеттік қызмет істері Департаментінің бастамасымен іске қосылған «Цифрлық агент» қосымшасы-ның тиімділігі, ұтымдылығы жəне ыңғайлылығы, қолжетімділігі де кеңінен насихатталды. Бұл күнгі маңызды іс-шараға мемлекеттік қызметтер стандарттарын насихаттауға негізделген ақпараттық жəрмеңке жұмысына аудан əкімі аппаратының жетекшісі Ахмет Əшімахұн қатысты. Жиналған ауыл
тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауаптар алып, мол мағлұматқа қанығып тарқасты.

Райхан АЗИМОВА,
«Талғар».