ЖАСТАР САЙЛАУ НАУҚАНЫНА ДАЙЫН

ЖАСТАР САЙЛАУ НАУҚАНЫНА ДАЙЫН

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Гүлдала ауылдық округінде «Nur Otan» партиясының президенттік сайлауға үміткер етінде ұсынған кандидатын қолдау мақсатында аудан жастарының флэшмобы өтті. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастарға патриоттық тəрбие беру, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласу мақсатын көздеген шараға жүзден астам жас қатысып, белсенділік танытты.

Гүлдала ауылдық округінің əкімі Мақсат Махамбетқали, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нəдірбек Бекжігіт, аталмыш орталықтың жəне «Жас Отан» Жастар қанатының жетекшісі Қалымбетова Замира Нұрланқызы, «Жас Отан» ЖҚ мүшесі, Гүлдала ауылының жастар жөніндегі нұсқаушысы Мұрат Мəкен жиналған жастар алдында сөз алып, саяси науқанның еліміз үшін маңызды екендігін жеткізді. Еліміздің азаматы ретінде сайлауға қатысуға шақырды. «Қазақстаным!» атты патриоттық əн шырқалып, жастардың қатысуымен флэшмоб биленді. Басқосуда басты шарадан өзге Жастар саясатын одан əрі жетілдіру, биылғы «Жастар жылына» орай жас мамандар мен отбасыларына қолдау жасау, жастардың инновациялық жобаларын өндіріске енгізу жүйесін қалыптастыру, жас дарындарға қолдау көрсету бағытындағы маңызды мəселелер тілге  тиек етіліп, мамандар тарапынан ақыл-кеңестер берілді. Осылайша қай салада болмасын жасампаздықтың үлгісін көрсетіп жүретін аудан жастары 9 маусымда өтетін саяси додаға да дайын екендіктерін паш ете білді.

Мөлдір Абатайқызы,

аудандық жастар ресурстық орталығының маманы.