Көне грек жазбаларындағы: «Өз есіміңді мəрмəр тасқа емес, адамдардың жүрегіне жаз» деген ғибратты сөзі Алматы облысы жəне Ақсу, Талғар аудандарының «Құрметті азаматы», студент шағында Алматы қаласын-дағы республикалық «Еңбек резервтері» спорт қоғамының сапында баскетболдан «КСРО спорт шебері» атан-ған санаулы қазақ жігіттерінің бірі болған Қалимолда Байболов сынды ел ағасына қаратып айтылғандай. Ғұ-мыр бойы облыстағы Ақсу ауданының əкімі, Талғар ауданы əкімінің бірінші орынбасары, кейін аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бастығы болып жүрген шақта да Талғар қаласындағы қазақ балаларын баскетбол ойынына тартып, олардың республикалық деңгейде көрінуіне зор үлес қосқан Қ. Байболов 16-17 жылдан бері жасөспірімдердің бір буынын өсіріп шығарған азамат. Ол кісіні «Талғар баскетболының атасы» деп атауға əбден болады.
Соның айғағындай Талғар политехникалық колледжінің спорт залында Қалимолда Байболұлының құрметіне 16-рет жалауын көтерген баскетбол турнирі болып өтті. Оған Талғар ауданының білім ордаларынан ең үздік деген 8 команда келіп, екі күн бойы ойын көрігін қыздырды. Баскетбол турнирінің ашылу салтанатында сөз алған аудан əкімі Рыскелді Сатбаев, Алматы облысының «Құрметті азаматы», хирург-дəрігер Мұхтар Əлімұлы, Талғар политехникалық колледжінің директоры Райхан Садықовалар ел ағасы – Қалимолда
Байболовқа ізгі тілектерін арнап, ардагер баскетболшыға ұзақ ғұмыр, темірдей денсаулық тіледі. «Дені сау-дың, жаны сау» демекші, жасы жетпіске таяп қалса да өзінен 30-40 жас кіші шəкірттерімен бірге стритбол
ойнап, допқа талас кезінде де, биікке орнатылған темір шығыршыққа допты дəл тастап, қиян-кескі шайқас үстінде де жас баскетболшылармен бірге тамаша ойын өрнегін көрсетті. Қалимолда Байболовтың өнеріне зал толы жанкүйерлер үлкен қошеметпен қол соқты. Бұл – саламатты өмір салты мен спортты насихаттаудың
тамаша үлгісін көрсеткен кеш болды.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысында ұлдар арасында №5 орта мектептің баскетболшылары чемпион атанса, Белбұлақ ауылының №10 мектеп спортшылары екінші, №49 орта мектептің жас баскетболшылары үшінші орынға ие болды. Ал, қыздар бəсекесінде Белбұлақ ауылынң қос бұрымдылары ешкімге дес бермей бас жүлдені жеңіп алса, №5 жəне №32 орта мектеп командалары екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті. Ұлдар арасында осы турнирде ерекше ойынымен көзге түскен №10 мектеп баскетболшысы Талиб Мамедов «Үздік ойыншы» жүлдесін, №5 орта мектеп оқушысы Жалмирзаев Рауан «Үздік шабуылшы» жүлдесімен
марапатталды. Қыздар арасында Замира Джафарова «Үздік ойыншы», Найля Рахманова (№5 мектеп) «Үздік шабуылшы», ал Кəусар Нұрғазы (№32 орта мектеп) мен Алтынбек Жібек (№10 мектеп) «Үздік
қорғаушы» сыйлығына ие болды. Сөйтіп, жалауын 16-рет көтерген спорт жəне еңбек ардагері Қалимолда Байболов турнирі өз мəресіне жетті.
Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».