ЖАТ ЖЕРДЕ ОТ КЕШКЕНДЕР ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНЕ АЛАҢДАЙДЫ

ЖАТ ЖЕРДЕ ОТ КЕШКЕНДЕР ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНЕ АЛАҢДАЙДЫ

Биыл Кеңес əскерлерінің Ауғанстан аумағынан толық шығарылғанына 30 жыл толатын айтулы дата бар. Осы датаға орай аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі Талғар қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесе ұйымдастырған онкүндік басталды. Мақсаты – тəуекелшіл əрекеттерге бара білген Ауған ардагерлерінің ерліктерін насихаттау, бақилық азаматтардың рухына тағзым ету əрі жастарға патриоттық
тəрбие беру.

Аудандық Мəдениет үйінің кең фойесінде өткен шараға жастардан өзге Ауған ардагерлерінің жанұялары мен бақилық болған батырлардың ата-аналары да қатысты. Бөлім басшысы Фарида Бегенбаева бұл датаның өзгелерден озық екенін, болашақ ұрпақты ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тəрбиелеудегі түп негіз екенін жеткізді.

Басты мақсат – балаларды ардагерлермен таныстыру. Батырларымызды ұлықтау халқымыздың салты. Біз еш уақытта да ел үшін жанын пида еткен арыстарымызды ұмытпауымыз керек. Қайта сол ерлердің ерлік істерімен жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тəрбиелей білуіміз керек. Отанға деген махаббат, ұлтқа деген құрмет, үлкендерге деген сыйластық – егер əрбір адам осы қасиеттерді жүрегіне сақтаса, онда болашақ
жарқын болады, – деген Ф.Мамырбекқызы онкүндік ішінде өткізілетін шаралардың бастыларына тоқталды.

Тарих беттерін ақтарсақ, Ауғанстандағы шектеулі контингент əскерлері құрамында Қазақстаннан 22 269 жауынгер азаматтық борышын атқарған екен. Бір ғана Талғар жерінен 106 адам қатысып, 11-і ерлікпен бақи-лық болған.

Бүгінгі күні Талғар қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің есебінде Ауған соғысына қатысқан 160 жауынгер-интернационалист бар. Олардың арасында үшеуі «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған. Шейіт болған жерлестеріміздің жанқиярлықпен жасаған көзсіз ерліктерін дəріптеу – көзі тірі біздерге парыз, – дейді кездесуде сөз алған «Жауынгер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Талғар ауданының «Құрметті аза-маты» Серғазы Жұмаділов.

Қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің шақыру қызметінің бастығы, аға сержант Талғат Шубеков тарих бетінде өшпестей із қалдырған сұрапыл соғыстың қаншама адамға қайғы-қасірет əкелгеніне тоқталды. Кеңес əскерінің солдаттары сол  кездегі солақай саясаттың құрбандары болғанын, қаншама жас боздақтардың дене-лері жат елде қалып, қаншамасының мүгедек болып оралғандарын аса қынжыла жеткізді. Жастарды патрио-тизмге тəрбиелеуге қосып жүрген сүбелі үлесі үшін бір топ жауынгерді бөлім бастығы А.Болатұлының «Алғыс хатымен» марапаттады.

Кеш барысында сол соғыста ұлынан айырылған ата-анаға құрмет көрсетілді. Аталмыш қоғамдық бірлестік өкілдері Қали ата мен Гүлбаршын апа Марчибаевтарды ортаға шығарып, анамыздың басына ақ жаулық тартты. Ұлтжанды, ержүрек ұрпақ өсіргендері үшін алғыстарын білдіріп, ұлы Болат Əбденовтің рухына тағзым жасады.

Ал апта ортасында айтулы датаның құрметіне жасөспірімдер арасында «Ауғанның отты жалыны» атты патриоттық əндерден байқау өтті. Белсене қатысқан 50 үміткер ұйымдастырушылардың үмітін ақтап, өнерле-рімен тəнті етті.

Меруерт ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА,
«Талғар».