«Талғар United Team» құрамасы топ жарып қайтты

«Талғар United Team» құрамасы топ жарып қайтты

Педагогтардың мәртебесін арттыру, жас мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту және олардың педагогикалық қарым-қатынас кеңістігін кеңейту мақсатында  Алматы облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық жас педагогтар слеты өтті. Талдықорған қаласындағы №28 ІТ лицей-мектебінде өткен шараға 200-ден астам жас педагог қатысты.  Ұстаздық ұлы жолға батыл қадам басып, жігерін жанып келген жастардың слетына Талғар ауданы да қатысып, өз жаңашылдығымен, жан-жақтылығымен топ жарып, нәтижесінде  «Талғар United Team» құрама командасы І дәрежелі дипломмен марапатталды.  Команда құрамында Ақжол Бегджанов (№36 орта мектеп музыка пән мұғалімі),  Балжан  Момбекова (№13 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі),  Анар Советова (№31 орта мектеп қазақ тілі әдебиет пән мұғалімі),  Әсет Бөлеген (№11 орта мектеп ағылшын пән мұғалімі),   Қамқа Өтебек (№2 орта мектеп дене шынықтыру мұғалімі),  Ботагөз Медетбек (№2 орта мектеп ағылшын пән мұғалімі),  Елдос Нұрмұхамбет (№2 орта мектеп дене шынықтыру мұғалімі), Елдос Құраш  (№2 орта мектеп дене шыңықтыру мұғалімі),  Ислам Ертелеев (№33 орта мектеп дене шынықтыру мұғалімі),  Саят  Миняс (№6 орта мектеп дене шынықтыру мұғалімі),  Сәбит Имангазы (№33 орта мектеп дене шынықтыру мұғалімі),  Альфия Олжабай (№31орта мектеп орыс тілі пән мұғалімі) болды. Топ  жетекшісі   Сымбат Сұлтанбайдың шебер ұйымдастырушылығының арқасында 19 ауданның ішінен суырылып шыққан талғарлықтар Талғар шыңындай өрлігін, алғырлығын дәлелдеп, аудан намысын абыройымен алып шықты.

С.Тавалдықызы,

Талғар ауданының білім бөлімінің әдіскері.