Мемлекеттік қызмет органдарына биыл 20 жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіліп, жаңа кəсіби мемлекеттік аппарат құрылды. Мемлекеттік қызметшілер саяси реформалар мен жүктелген міндеттерін кəсіби деңгейде орындап, еліміздің тəуелсіз, демократиялы егеменді мемлекетке айналуына өз үлестерін қосуда.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасын орындау бойынша, сондай-ақ мемле кеттік сандық электронды көрсетілетін қызметті көпшілікке тарату мақсатында жуырда «Талғар» сауда үйінің алдында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің жəне аудан əкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» жəрмеңкесі өткізілді.
Тұрғындар жəрмеңке барысында жер мəселесі, тұрғын үй, денсаулық сақтау, білім беру, қала құрылысы мен сəулет саласы, жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар төңірегінде өздерін толғандырып жүрген сауалдары бойынша тиісті сала басшыларының қызметіне жүгініп, ақыл-кеңес алды.
Жəрмеңкенің негізгі мақсаты – электрондық қызметтерді насихаттау жəне олардың сапасын арттыру, жемқорлық байланыстарын азайту, электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларын интерактивті үйрету, электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметті пайдалануды халық арасында насихаттау. Жəрмеңкеде «Талғар аудандық ауылшаруашылық бөлімі» мен «Талғар ауданы əкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» қызметкерлеріне келіп кеңес сұраған тұрғындар қатары көп болды. «Еңбек» нəтижелі жұмыспен қамтуды жəне жаппай кəсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арнал ған бағдарламасының мақсаты мен бағыттары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сəйкес əрбір қызмет алушының мемлекеттік қызмет алу барысында белгіленген құқықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Əрбір қызмет алушы – тегіне, əлеуметтік, лауазымдық жəне мүліктік жағдайына, жынысына, нəсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша мемлекеттік қызметтер алу кезінде қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізе алады. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет алу кезінде өз құқықтарын толық білу, əрі оны талап ету сыбайлас жемқорлықтың күресуде, мемлекеттік қызмет сапасын арттыруда оң бағасын береді. Жəрмеңкеде аудан тұрғындарының сауалдарына жауап беріп, кеңестерін ұсынған мемлекеттік қызметшілер өздерінің кəсіби біліктіліктерін көрсетті. Аудан тұрғындары үшін бұл жəрмеңкенің берері көп болды.
Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА,
«Талғар».