Өз үлесімізді қосамыз
«Мемлекеттік тіл жəне жарнама» акциясының Нұра ауылдық округінде орындалуы да өз нəтижесін беруде. Акция барысында Нұра ауылдық округ əкімінің м.у.а Донбаев Сейтқұл Сейтенұлының ұйымдастырумен бірқатар жұмыстар жүргізілді. Аталған мəселе бойынша ауылдық округте «Тіл сақшылары» тобы құрылып, жұмыс жоспары жүргізілетін рейдтер мен зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нұра ауылдық округіне қарасты 4 елді мекен бар. Нұра, Туғанбай, Өстемір, Қаратоған ауылдарын тексеру барысында сауда-саттық мекемелерінде жарнамалардың басым көпшілігі қазақ тілінде жазылғандығы анықталды. Жарнамада кемшілік табылған жоқ.
Ұлттық сана — ұлттық тілмен қалыптасатыны əрбір қазақ азаматының көкейінде жүретін патриоттық сезімі іспеттес болуы керек. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, еліміздің ертеңі, тіліміздің мəртебесі үшін барлығымыз жұдырықтай жұмылып, жұмыс атқарамыз деген мақсатты алға қойып «Мемлекеттік тіл жəне жарнама» акциясының өз мəнінде өтуіне Нұра ауылдық округінің тұрғындары да толықтай үлестерін қосады деген сенімдемін.
Айнұр Якубова,
Нұра ауылдық округі аппаратының бас маманы.