АНАЛАР КЕҢЕСІ – ҰЛТЫМЫЗҒА ТӘН БАСТАМА

АНАЛАР КЕҢЕСІ – ҰЛТЫМЫЗҒА ТӘН БАСТАМА

Еліміздегі ынтымақ пен бірлікті, берекелі тірлікті, тұрақтылығымызды паш еткен жақсылығы жарқын, шуағы мол мамыр мерекесі де көтеріңкі көңілде тойланды. Ел бірлігі — ең асыл қасиет. Елбасымыз «Біз туған елімізді бейбітшіліктің бесігіне айналдыра білдік. Тыныштық арқылы тұрақтылық, татулық арқылы тұтастық төрімізге озды» деген болатын бір сөзінде.

Егемен еліміздің бағындырған барлық белестері, жеткен жетістіктері, шыққан шыңдары – осы бере келі бірліктің арқасында. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нəтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Елбасы ел бірлігі мен елімізде тұрып жатқан көп ұлттар мен ұлыс өкілдерінің татулығын ту етіп, осы мақсатта Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуына мұрындық болды. Сол Ассамблея аясында Аналар кеңесі құрылып, қоғамдағы отбасы құндылығын нығайту жөнінде тапсырмалар берген болатын. Аналар кеңесін құру елдігімізге тəн, тарихи дəстүрімізбен тамырлас бастама болып табылады. Бүгінде біздің қоғамдағы аналарымыз елімізде болып жатқан барлық жағымды жаңалықтарға, қоғамдағы өміршең өзгерістерге, идеялық-саяси, əлеуметтік
мəдени жұмыстарға, мемлекетіміздің бүкіл тыныс-тіршілігіне белсене атсалысып келеді. Статистикалық мəліметтерге сүйенер болсақ, жалпы мемлекеттік қызметшілердің тең жартысынан астамын нəзік жандылардың үлесіне тиетіні анықталған. Бұл үлкен көрсеткіш, жоғары нəтиже мен жақсылықтың нышаны. Аналар кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Заңдарын, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге нормативтікқұқықтық актілерді басшылыққа ала отырып өз міндеттерін атқарады. Атап айтқанда, отбасы жəне ана беделі негізінде қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтарды тарату жөніндегі шараларды жүзеге асыру. Аналар кеңесі негізінен қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты жəне этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дəстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту жəне сақтау үшін жұмыс жүргізіп, ата-аналардың дені сау, рухани адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тəрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға жəрдемдеседі.

Бүгінгі күні аудан халқының 51 пайызын əйелдер қауымы құрайды. Аудандарда демографиялық өсімге атсалысып отырған алтын құрсақты аналарымыз да аз емес. Оған аудан бойынша 66 «Алтын алқа», 225 «Күміс алқа» иегерлерінің бары дəлел. Ауданымызда Аналар кеңесі осыдан төрт жыл бұрын құрылып, оған ауданымыздың Құрметті азаматы, «Ауыл əйелдері» қоғамдық ұйымының жетекшісі Мəрия Сихымбаева жетекшілік етеді. Одан кейін Талғар қаласы мен 10 ауылдық округте де Аналар кеңесі құрылып, оның 50-ге тарта мүшесі ұлттық дəстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту жəне сақтау үшін жұмыс жүргізіп, ата-аналардың дені сау, рухани адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тəрбиелеудегі жауапкершіліктерін арттыру мəселелері төңірегінде жұмыс жүргізіп келеді. Əрбір ауылдағы Аналар кеңесі жоспарлы түрде жұмыс жасап, əр тоқсан сайын атқарған істері туралы есеп беріп отырады. Бұл істе ауыл, қала əкімдері мен мектеп директорлары, əр ауылдағы мəдениет ошақтары тікелей қол ұшын беріп, аналар ұйымдастырған игі істерге белсене атсалысуда. Əрбір ауылдағы Аналар кеңесінің мүшелері ауылдың тыныстіршілігінен хабардар болып, ондағы көпбалалы, жалғызбасты, мүгедек балалы аналар, кейуаналарды анықтап, тұрмысы төмен отбасылар мен жайсыз отбасылардың ахуалын біліп, қолдан келгенше көмек жасап келеді. Аудандық Аналар кеңесі əрбір ауылда семинар-кеңестер, кездесулер өткізіп, қоғамды алаңдатып отырған түрлі тақырыптар төңірегінде əңгіме өрбітіп, жастарға ақыл-кеңестерін беруде. Барлық ауылдық округтердегі жасалып жатқан жұмыстарды саралай келгенде бүгінгі күні Алтайхан Қыдырбаева төрағалық ететін Алатау ауылдық округінің, Раушан Қабылжанова төрағалық ететін Тұздыбастау ауылдық округінің, Айман Исаева төрағалық ететін Белбұлақ ауылдық округінің, Ұлдан Ибраймова төрағалық ететін Кеңдала ауылдық округінің, Шолпан
Ербосынова төрағалық ететін Бесағаш ауылдық округтерінің Аналар кеңесі əрбір игілікті істе белсенділік танытып, ауылдың қоғамдық өмірінен тыс қалмай, ұрпақ тəрбиесіне өзіндік үлес қосып келеді. Бүгінгі күнге дейін ақ жаулықты аналарымыздың мұрындық болуымен көптеген іс-шаралар өткен болатын. Атап айтқанда, Алатау ауылдық округінде «Отбасы құндылығыОтан құндылығы» атты тақырыптағы акция, Белбұлақ ауылындағы «Берік отбасы – берік мемлекет» атты семинар, Талғар қаласындағы «Қыз тəрбиесі – ұлт тəрбиесі» атты кездесу, «Қызға қырық үйден тыю» тақырыбындағы қыздар жиналысы, «Имандылық жарасады ұл-қызға» атты кездесу кештері, Кеңдала ауылындағы «Қарты бар үйдің қазынасы бар» тақырыбындағы кездесу, №36 орта мектептегі Наурыз мейрамы аналардың мұрындық болуымен өткен болатын. Тұздыбастау ауылының аналары «Достықтың алтын тамыры – халықтар арасында» тақырыбында кездесу өткізсе, Панфилов ауылының аналары жас отбасылар арасында «Сен қандай əкесің?» тақырыбында сайыс өткізді. Өткен жылы «Достықтың алтын тамыры – халықтар бірлігінде» тақырыбында Аналар кеңесінің аудандық форумы өтті. Форумға əр ауданның Аналар кеңесінің төрайымдары қатысып, онда ауданымызды мекен еткен этнос өкілдері ұлттық салт-дəстүрлері мен өнерлерін көрсетіп, көпшілікке паш етті. Міне, осындай түрлі деңгейдегі, түрлі тақырыптарды арқау еткен игілікті шаралар барлық ауылдарда өтіп отырады.

Үй мен түздің тізгінін тең ұстап, қазанын қайнатып, баласын ойната жүріп, еңбектің бел ортасынан табылатын əйелдердің тындырымды іс-əрекеттері көпке үлгі болып отыр. Нəзік жандылардың еңбекқорлығы, қоғамдағы жаңашыл қадамдары, ұрпақ тəрбиесіндегі алар орны ерекше екенін осыдан байқауға болады. Ұлағат мектебі болып отырған Аналар кеңесінің алда да атқарар істері ауқымды. Елбасы саясатын жүзеге асыруға, ондағы айтылған тапсырманы тындырымды атқаруға, мемлекет тағдырына тың серпін беруде осындай ұйымдардың қоғам өміріне қосар үлесі зор.

Перизат НҰРҚАЕВА

Талғар-ақпарат