Қоғамның көркі – оның ғимараттары мен көшелерінде ғана емес, адамдардың бір-біріне деген ықыласы мен ізгі ниетінде.
Талғар ауданында да күнделікті өмірдің өзінен жақсылықтың талай үлгісін көруге болады. Үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болу, көршіге қол ұшын созу, қоғамдық ортада өзара сыйластық таныту – адамгершіліктің асыл қасиеттері.
Кейде бір ауыз жылы сөз, шынайы қолдау немесе уақытында көрсетілген көмек адамның көңіл күйін өзгертіп, жақсы іске деген сенімін арттырады.
Әрбір тұрғын өз ортасында ізгілік пен жанашырлық таныта отырып, ауданның қоғамдық өміріне оң үлес қоса алады. Өйткені жайлы әрі мейірімді қоғам үлкен бастамалардан ғана емес, күнделікті жасалатын қарапайым жақсылықтардан құралады.
Жақсылықтың үлкен-кішісі жоқ. Ең бастысы – оны шын жүректен жасау!








