ОТАНҒА ДЕГЕН МАХАББАТ ӨШПЕСІН

ОТАНҒА ДЕГЕН МАХАББАТ ӨШПЕСІН

Нұра ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі əдіскер нұсқаушысының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мəңгілік ел» патриоттық əн байқауы ауылдық округ жастары арасында өтті. Байқаудың басты мақсаты жастардың бойындағы Отанға, елге деген сүйіспеншілігін ояту. Отан деген сенің туып өскен, кіндік қаның тамған жер, ата-анаңа, досыңа Отанға деген махаббат,
сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Осы тектес мақсаттермен үндескен байқау 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең патриоттық тақырыптағы əн болса, екінші кезең патриоттық тақырыпта өлең оқу болды. Байқаудың нəтижесі бойынша бас жүлдені Қарақат Аблайхан иеленсе, 1-орынды Əли Кеңесов жеңіп алды, 2-орынды Гүлназ Ноғайбек жəне Баян Хайруллаева иеленді. 3-орынды Салтанат
Баймұхамет жəне Жасмина Мелс жеңді. Сонымен қатар қалған қатысушылар да патриоттық əн байқауына қатысқаны үшін марапатталды.

Гүлназ Кеңесбаева

Нұра ауылдық округі əкімі аппаратының

жастар ісі жөніндегі əдіскер нұсқаушысы