Рухани жаңғыру басы – тәрбие мен оқыту сапасын арттыру

Рухани жаңғыру басы – тәрбие мен оқыту сапасын арттыру

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бүгін     Талғар ауданы  Бірлік ауылындағы №35 мектеп-гимназиясында «Рухани жаңғыру» «Оқу-тәрбие  мазмұнындағы рухани жаңғыру» атты  іс-шара өтті.

«Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық.  Туған жерге деген сезім мен махаббаттың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіру үшін  Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің , ұлтжандылықтың кепілі болмақ.

«Туған жер» бағдарламасының жаппай халық арасында үлкен күшке ие болуы, жастардың бойына патриоттық тәрбие ұялату үлкен міндет. Берілген тапсырманың үдесінен шығу ғана емес, оны бүгінгі күнмен өлшемей, ертеңгі ұрпаққа жету үшін еңбек ету – басты парыз. Осындай парызды адал атқарып келе жатқан, өзі туып-өскен елі мен жеріне қызмет етіп, өркендеуіне зор үлес қосып отырған Талғар ауданынының Құрметті азаматы,  аудандық маслихат депутаты, ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері, педагогика ғылымының кандидаты, Бірлік ауылындағы №35 мектеп-гимназия директоры  Нурбатырова Айтжамал Абдрешқызының ұстаздық қызметі мен туған жеріндегі мектеп ауласын абаттандырудағы еңбегін ерекше атауға болады. Шара барысында  №35 мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрқыз Тасырова «Туған жерге құрмет» тақырыбында мектеп тынысынан сыр шертетін танымдық баяндама жасады. Тағлымы мол шарада мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Кішкентай Ашен  Асылжан.   

«Азат елдің жұлдызы» әнін, мектеп оқушылары «Мен қазақпын» көрінісін тамаша орындап шықты.  2а сынып оқушысы Марат Назерке «Отан-анам», Республикалық «Әнші балапан» өнер байқауы-фестивалінде  1- орын алған, «Жас қанат» үйірмесінің мүшелерінің орындауында «Қара жорға» биі көрермен көңілінен шықты. Бүгінгі күннің ұрпағы,ата-бабалармыздан қалған асыл мұраларды көкейге тоқып,бойға сіңіріп өссе, тарих тағылымы жалғаса бермек.

Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА

Талғар-ақпарат