Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің үшінші оқу ғимаратында Педагогика және психология факультетінің музыка білім кафедрасының ұйымдастыруымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Астанаға – 20 жыл» мерекесі қарсанында «Ұлы дала әуендері» атты мерекелік шара өткізілді, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Жиынға құрметті қонақтар, оқытушы — профессорлар және білімгерлер қатысты. Сахна шымылдығы дирижер, аға оқытушы Серікхан Ақхожин, концертмейстер Меруерт Темірова және студенттік хордың орындауындағы «Тәуелсіз Қазақстан» әнімен ашылды.
Білім ордасының халықаралық, республикалық байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған жас дарындар ән шырқады. Келген қонақтардың назарына «Көктем вальсы» ,«Астана – арман қала», «Свадьба Фигаро», «Радецки», «Танго», «The winner takes it all», «Туған ел», «Атамекен» әндері, қазақ халқының күйлері «Ақсақ құлан» , «Адай» ұсынылып, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Талғар-ақпарат