Алматы облысында «Жаңғыру Жолы» атты жастар қозғалысы құрылды

Алматы облысында «Жаңғыру Жолы»  атты жастар қозғалысы құрылды

Аталмыш қозғалыстың бір жылдық жұмыс жоспары әзірленіп, ауқымды шараға облыс аумағындағы аудан, қалалардың жастары қатысатын болады, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап. 

Қозғалыстың мақсаты – еліміздегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жұмыстарында жастарды біріктіру. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда бірлесіп жұмыс істеу, облыстың алыс ауданыңдағы жастарды жастар қозғалысымен бірігіп жұмыс жасауға тарту және оларды қозғалыстың мақсатымен таныстыру.

«Біздің жоспарымызда жастарды қозғалыстың міндеттерімен таныстыру және оларды осы басты  бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге жұмылдыру бар. Жоспарға енгізілген шаралардың орындау үшін, барлығымыз бірлесіп еңбек етіп, ортақ мақсатты жүзеге асыруға белсенді  атсалысуымыз керек. Болашақта әр ауданды аралап, сол жердің тұрмыс-тіршілігімен таныспақпыз. Сондай-ақ, жастармен кездесіп, олардың ойларын біліп қайтпақпыз» , — дейді «Жаңғыру Жолы» штабының төрағасы Руфина Усанова.

««Жаңғыру Жолы» аймақтық жастар қозғалысының  ұйымдастыруымен Достық үйінің аланыңда алғашқы жиыны өткізілді. Сонымен қатар, Жеңіс саябағында облыс орталығының білімгерлерінің қатысуымен «Таза саябақ – Таза қала» іс – шарасы өтті»,  — деді Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Тұрсынбай Ғабит         .

Айта кету керек, жоспар негізіндегі іс-шаралар адамгершілікке, отансүйгіштікке және рухани тәрбиеге бағытталған. Олар лекциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, тимбилдингтар, кездесулер және тағы басқа.

Талғар-ақпарат