Иорданияда қазақ домбырашылары туристерді таңғалдырды

Иорданияда қазақ домбырашылары туристерді таңғалдырды

Қазақ ұлттық өнер университеті Еуразиялық симфония оркестрінің музыканттары Джараш қаласының антикалық бөлігінде флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды ТалғарАқпарат ҚазАқпарат.қа сілтеме жасап.

Бұл сапарды Иорданиядағы ҚР елшілігі ұйымдастырған болатын. Домбырашылар ансамблі антикалық амфитеатрда күй ойнады. Сол жерде болу бақыты бұйырған туристердің таңданысында шек болған жоқ.

Ұлттық киім киген 85 музыкант акустикасы әлі күнге дейін ашық аспан астында концерт беруге лайықталған амфитеатрда  қазақтың ұлттық музыкасын әуелетті.

Бұдан кейін сахнада арабтың ұлттық аспаптарын ұстаған жергілікті музыканттар да өнер көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, 8-10 сәуір аралығында Иорданияның  Хашимит Корольдігінде Қазақстан Республикасының Халық әртісі, «Шабыт» қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваның концерттері өтті. Бұл іс-шаралар Қазақстан мен Иордания арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Талғар-ақпарат