«ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ» – ЖАСТАР ҮШІН

«ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ» –  ЖАСТАР ҮШІН

Талғар политехникалық колледжінің кітапханашысы Г.Жұмағалиева мен Талғар аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері Ризвангүл Тоқарзаева, Зиносида Касимованың ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи публицистика жанрында жазылған «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын талқылауға арналған танымдық сағат өтті.

Танымдық сабаққа колледж студенттері мен ұстаздар қатысып, аталмыш кітапқа жасалған слайдтар мен бейнефильмді тамашалады. Кітапхана қызметкерлері кітаптың əр бөлімін тиянақты баяндап, жан-жақты талқылап берді. Олардың атауларына зор мəн беріліп, жаңа тарихымыз бен қазақстандық құндылықтардың дəуірлік оқиғалары нақты əрі дəл суреттелген тұстарына кеңірек тоқталды.

Танымдық сабақ барысында студенттер кітапқа қатысты сұрақтарын қойып, пікір алысты. Оқырмандар Елбасының жаңа кітабын үлкен қошеметпен қабылдады.

Жеңіскүл Құрманғожаева

Директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары