Заң мен тәртіп – қауіпсіз, әділетті және тұрақты қоғам қалыптастырудың басты қағидаттары. Әр азаматтың заң талаптарын сақтауы, өз құқығы мен міндетін білуі қоғамдық келісімді нығайтады.
Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, өзгенің құқығын құрметтеу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және заңсыз әрекеттерге бейжай қарамау – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Құқықтық мәдениет отбасынан, білім беру ұйымдарынан және күнделікті қарым-қатынастан қалыптасады. Заңды құрметтеу әр адамның өмірлік ұстанымына айналуы қажет.
Заңға құрмет – әділетті қоғамның негізі!
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ








