
Адам өміріндегі ең қымбат құндылықтардың бірі – айналасына мейірім мен ізгілік сыйлай білу. Кейде қарапайым ғана жылы сөз, шынайы қолдау немесе уақытылы көрсетілген көмек адамның көңіліне қуаныш ұялатып, жақсы өзгерістерге себеп болады.
Жақсылық жасау үлкен мүмкіндікті немесе ерекше жағдайды талап етпейді. Қарт адамға көмектесу, көршіге қолдау көрсету, балаларға қамқорлық таныту, қоғамдық ортада әдеп сақтау – күнделікті өмірдегі адамгершіліктің көрінісі.
Осындай қарапайым игі істер адамдар арасындағы сыйластықты арттырып, қоғамда мейірімділік пен өзара түсіністік мәдениетін қалыптастырады.
Позитивті көзқарас – өмірдегі жақсы мүмкіндіктерді көре білу, қиындыққа мойымай, алға ұмтылу. Әрбір адам өз ортасына жақсы көңіл күй мен жағымды әсер сыйлай алады.
Жақсылық жасауды кейінге қалдырмайық! Жылы сөзден басталған ізгілік үлкен өзгерістерге жол ашады.

