
Құқықтық мәдениет – азаматтардың заң талаптарын білуімен ғана емес, күнделікті өмірде оны сақтап, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауымен өлшенеді.
Қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, айналадағы адамдардың тыныштығын құрметтеу, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау және құқық бұзушылықтарға бейжай қарамау – әр азаматтың ортақ міндеті.
Әсіресе, өскелең ұрпақтың бойында заңға құрмет, адалдық және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру маңызды. Бұл бағытта отбасы, білім беру ұйымдары және қоғам бірлесе әрекет етуі қажет.
Заң мен тәртіп қағидаттары орныққан қоғамда азаматтардың қауіпсіздігі нығайып, өзара сенім мен қоғамдық тұрақтылық артады.
Тәртіп – талаптан, жауапкершілік – әр азаматтың саналы таңдауынан басталады!


