
Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына, отбасылық қарым-қатынасына және қоғамдық қауіпсіздікке кері әсер етуі мүмкін.
Салауатты өмір салтын ұстану, бос уақытты тиімді ұйымдастыру және спортпен шұғылдану – денсаулықты нығайтудың маңызды жолдары.
Әсіресе көлік басқару кезінде алкоголь тұтынуға жол бермеу қажет. Мұндай әрекет жүргізушінің өзіне де, айналасындағы адамдарға да қауіп төндіреді.
Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, жақындарының амандығын бағалай білуі керек.
Саналы таңдау жасаңыз. Денсаулығыңызды бағалаңыз. Қауіпсіз өмір салтын ұстаныңыз!


