
Қазіргі таңда интернет пен мобильді қосымшалар күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда цифрлық мүмкіндіктерді пайдаланумен қатар, интернет алаяқтарының әрекеттерінен сақтану да маңызды.
Өзіңізді қорғау үшін:
🔹 Банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және құпиясөздерді бөгде адамдарға бермеңіз.
🔹 Белгісіз нөмірлерден келген күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.
🔹 Өзін банк қызметкері немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырған адамға жеке мәліметтеріңізді хабарламаңыз.
🔹 Күмәнді ақша аударымдарын жасамаңыз және ақпаратты ресми арналар арқылы тексеріңіз.
Есте сақтаңыз: алаяқтар асықтыру, қорқыту немесе оңай табыс уәде ету арқылы сенімге кіруге тырысуы мүмкін.
Сақтық – қаржылық қауіпсіздіктің алғашқы қадамы!


