Тазалық тек көшелер мен аулаларды жинастырумен шектелмейді. Ол – табиғи ресурстарды сақтау, қоршаған ортаға зиян келтірмеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Қоқысты белгіленген орынға тастау, суды ысырап етпеу, ағаштарды қорғау және табиғат аясында демалғаннан кейін тазалық сақтау – әр азамат орындай алатын қарапайым міндеттер.
Табиғатқа жанашырлық таныту арқылы келешек ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдырамыз.
Таза орта – ортақ жауапкершілік!








