
Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін құрайтын, елдің тәуелсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты құжат.
Ата Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындап, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті белгілейді. Конституцияда адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде танылады.
Конституциялық қағидаттарды құрметтеу – әр азаматтың құқықтық мәдениеті мен азаматтық ұстанымының көрінісі. Заңды білу және оның талаптарын сақтау қоғамдағы әділдік пен тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.
Конституция – ел бірлігінің, қоғамдық келісімнің және демократиялық дамудың берік негізі. Ата Заңға құрмет – Қазақстанның болашағына деген құрмет.

